Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

№ 28 газет

19 сәуір 2025 ж.

№ 27 газет

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары – басты назарда

Тұлғалар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары – басты назарда

Мемлекеттік қызметшілердің еңбекті, денсаулықты қорғауға, қауіпсіз және тиімді жұмыс істеу үшін қажетті еңбек жағдайларына, сондай-ақ әлеуметтік және құқықтық қорғалуға құқығы бар.

Бұл ретте, азаматтармен қоса мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау, ал бұзылған жағдайда қалпына келтіру ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызмет бағыттарының бірі болып табылады. Соның бірі  мемлекеттік қызметшілерді заңсыз үстеме жұмысқа тарту мәселесі департаменттің жіті бақылауында.

2023 жылы мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік органдарда жұмыс уақыты режимін сақталуына мониторинг жүргізу функциясы берілді. Ал мониторинг мемлекеттік органдарға бару, қол жеткізуді бақылау және басқару жүйесін талдау арқылы жүргізіледі.

Бекітілген жоспарға сәйкес, ағымдағы жыл басынан мемлекеттік органдарға бару арқылы 11 мониторинг жүргізіліп, 11 үстеме жұмыс жасау фактісі анықталып, департаменттің хаты негізінде мемлекеттік қызметшілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ, қашықтықтан жүргізілген мониторингпен 51 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтіріліп, 117 сағат демалыс сағаттары берілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органға жұмыс уақыты режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 89-бабы бойынша әкімшілік іс қарау функциясы берілді. Департаментпен осы жылы екі мемлекеттік органның басшысы қарамағындағы қызметшілерді тиісті актісіз үстеме жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Бұдан басқа, Департаментпен Агенттік төрағасының 2016 жылғы 18 қарашадағы №60 бұйрығымен бекітілген тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы 1-ТК есептері негізінде тоқсан сайын мемлекеттік органдардың тәртіптік тәжірибесіне талдау жүргізіледі. Талдаумен 2 мемлекеттік органда заң бұзушылықтар анықталып, олардың қорытындысы Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің отырысында қаралады. Нәтижесінде, Әдеп жөніндегі кеңестің шешімі негізінде 2 мемлекеттік қызметшінің бұзылған құқықтары қалпына келтірілді. Бұдан бөлек, есепті кезеңде Департамент құзыреті шегінде (мәліметтер мен материалдарды сұрату, тексерулер жүргізу арқылы) 4  өтінішті қарап, оның 1-і негізделген.

Мәселен, азаматша «Д» өзінің  «Facebook» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында Қазалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысына қатысты бірнеше сыни жарияланым шығарып, онда желі қолданушылары тарапынан жағымсыз пікірлер жазылғандығы белгілі болды.

Осыған орай, Қазалы аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижесімен, аталған бөлімнің басшысы тарапынан әдеп кодексі талаптары сақталмағандығы анықталды. Осыған сәйкес, Қызылорда облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығымен лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік іс қозғалып, Әдеп жөніндегі кеңеске ұсынылды.

Әдеп жөніндегі кеңеспен қабылданған шешімнің қорытынды нәтижесімен лауазымды тұлғаға «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылды. Департамент алдағы уақытта да өз міндеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалардың сақталуын бақылау жұмыстарын жалғастыратын болады, сонымен қатар, азаматтардың, соның ішінде мемлекеттік қызметшілердің де құқықтарының бұзылмауын қадағалайтын болады.



Әлия Сатыбалдықызы Хожбанова
                                                             Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Қызылорда облысы бойынша
Департаментінің мемлекеттік қызмет
саласындағы бақылау басқармасының
бас маманы
Фото: Н.Нұржаубай
22 сәуір 2025 ж. 150 0