Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Баланың компьютерге тәуелділігімен қалай күресуге болады?

Баланың компьютерге тәуелділігімен қалай күресуге болады?


Компьютер, ноутбук, планшетсіз өмірімізді елестету мүмкін емес. Әсіресе балалар олардан бір елі айырылмайды.
Баланың компьютерді ертерек үйренгені әрине қуантады. Бірақ мұның кері әсер ететін жақтары да жоқ емес. Болашақта бұл «компьютерлік тәуелділікке» алып келуі мүмкін.
  
Компьютерлік тәуелділік деген не?
 
Компьютерлік тәуелділік – бұл баланың өмірдегі қызығушылықтардан алыстап, қатарластарымен қарым-қатынастан тыйылып, виртуалды кеңістікке кетуі. Бұл балаларға аса қуіпті. Себебі олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы енді ғана қалыптасып жатыр және психикасы да орнықпаған.
  
Компьютерлік тәуелділік түрлері

Ойынға тәуелділік

Балалар компьютерлік ойындарға тым тәуелді. Бұл кезде ол сабағын, күн тәртібін, достарын, тіпті тамақ ішуді ұмытып кетеді.
 
Сетеголизм

Жасөспірімнің барлық уақытын чаттарда, форумдар мен әлеуметтік желілерде өткізуге деген құмарлығын шартты түрде осылай атайды. Әлеуметтік желідегі коммуникация өмірдегі қарым-қатынастан маңызды бола түседі.
  
Интернет-серфинг
Бұл бір сайттан бір сайтқа мақсатсыз өтіп, сілтемелер арқылы ғаламторды шарлау. Бала бұл кезде қауіпті сайттарға кіріп кетуі мүмкін. 
 
Тәуелділік симптомдары:
• бала бұрынғы хоббилерінен бас тартады;
• қатарластарымен, туыстарымен араласуға қызықпайды;
• уақытты ұмытып, компьютерде ұзақ уақыт отырады;
• тұйықталып, ашушаң бола бастайды;
• виртуалды достары көбейеді;
• ата-анасына ғаламторда не істеп отырғанын айтқысы келмейді;
 
Қалай күресу керек?

1. Баланың компьютерде отыру уақытын шектеңіз.
2. Оның виртуалды әлемде нақты не нәрсеге қызығып жүргенін анықтаңыз.
3. Компьютерге тәрбиешінің міндетін жүктеп қоймаңыз. Бала мазаңызды алмас үшін компьютер қосып бере салған тиімді әрине. Бірақ бұның зияны көп.
4. Баламен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Оның ішкі күйзелістері жайлы біліңіз. Таза ауаға жиі алып шығыңыз.
5. Егер өз шамаңыз жетпесе, маманға жүгініңіз.
  
Дереккөз: http://sobesednik.ru
29 наурыз 2018 ж. 2 661 0