Баспасөз конференциясы өтті

– Сібір жарасы – бұл қоздырғышы Bacillus anthracis спора түзуші бактериясы болып табылатын жануарлар мен адамның жіті жұқпалы ауруы. Сібір жарасының үш түрі бар: терілік, өкпелік және ішекті. Терілік түрі басым, сирек — сепсис құбылыстары (шіруі) бар өкпе және ішек түрі. Бұл ауру адамға ауру жұқтырылған жануардың терісімен және жүнімен жанасудан немесе залалданған етті тұтынудан жұғуы мүмкін.
Сібір жарасын адамға жұқтырушы ол– үй жануарлары (ірі қара мал, қой, ешкі, түйе, шошқа) болып табылады. Адамға аурудың жұғу жолы көбінесі жанасу арқылы (малды сою кезінде терісін түсіруде немесе мал терісін өңдеуде) және бактерияның спораларымен ластанған тағамдар мен ауыз суын ішп-жеуде және ластанған топырақты егістікте қолдануда жұғуы мүмкін. Ал ауру адамнан адамға жұқпайды.
Сібір жарасы инфекциясынан қалай сақтануға болады:
Ет пен ет өнімдерін тек өнімдердің сапасын бақылайтын жерлерде ғана сатып алу;
Ет, ет өнімдерін немесе кез келген мал шаруашылығы шикізатын өңдейтін және сататын адамдар өздерін және басқаларды қауіпсіздендіру үшін гигиеналық нормаларды ұстануға міндетті.
Жануарларды күту кезінде ветеринарлық-санитарлық ережелерді орындау.
Үй малын сою тек қана мал мамандарының рұқсатымен жүргізу.
Жануарлардың өлекселерін ретімен көму.
Үлбір және былғары шикізаттарын ветеринариялық бақылау.
Жануарлардың ауруын бақылау.
Залалданған жануарлардың өлекселерін жою.
Жануарларды сібір жарасына қарсы егу, – деді сала маманы.