Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

№22 газет

28 наурыз 2026 ж.

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Биыл аймақта отбасы күніне байланысты 600-ге жуық іс-шара өтеді

Биыл аймақта отбасы күніне байланысты 600-ге жуық іс-шара өтеді

Отбасы – өнегенің өзі,тәрбиенің көзі. Оттың басында бойыңа сіңген тәлім-тәрбие бүкіл бітім-болмысыңды айшықтайды. Адамның ала жібін аттамау, кісінің сөзін бөлмеу, үлкеннің алдын кесіп өтпеу тағысын тағы сол сықылды жағдаяттар балдырған сәт, бала күннен оттың басында жадымызға сіңді. 1993 жылы 20 қыркүйекте БҰҰ Ассамблеясымен 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні болып белгіленді. Содан бері 32 жыл көлемінде бұл мереке дәстүрлі сипатта аталып келеді. Жыл сайын аймақта Отбасы күнін атап өтуге байланысты шаралар өтеді. Биыл да жоспарға сәйкес 600-ге жуық шара өткізіледі. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов мәлімдеді.

– Отбасы күніне байланысты өмірлік қиын жағдайдағы отбасылар үшін қайырымдылық акциялары, «Мерейлі отбасы-2025» ұлттық байқауы басталатын Отбасы ағашы» акциясы, «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы балалармен «Толағай» спорттық сайысы, психологтарды тарта отырып білім беру мекемелерінде ата-аналармен кездесулер өткізу сынды көлемді шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінде облысымызда отбасыларға қамқорлық пен көмек үздіксіз көрсетіліп келеді. Ана мен баланы қорғауға арналған қаржы, көпбалалы отбасыларына берілетін мемлекеттік жәрдемақылар көлемі жыл сайын өсуде. Қазіргі таңда облысымызда 17 мыңнан астам жуық «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иелері және 48 мың көп балалы отбасы бар. Отбасы құндылықтары мен киелі шаңырақ қасиетін жас ұрпақ санасына сіңіру, рухани-адамгершілік тәрбиені дәріптеу мақсатында барлық ауданда ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар орталығы, ардагерлер мен аналар үйі бар «Руханият орталықтары» ашылды. Бүгінгі күні орталықтарда күнделікті мәдени-рухани шаралар ұйымдастырылуда. Халықаралық отбасы күнімен баршаңызды құттықтаймын ,- деді Шахмардан Асқарұлы.


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі
16 мамыр 2025 ж. 328 0