Облыс әкімі Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсыновпен кездесті

Басқосуда аймақ басшысы Сыр еліне гастрольдік сапармен келген өнер иесіне алғысын білдіріп, мәдениет пен руханият саласындағы жұмыстарға тоқталды.
Айта кетейік, 12-15 мамыр аралығында Қызылорда облысында «Алатау» дәстүрлі өнер театрының гастрольдік сапары өтеді. Досхан Жолжақсынов пен Қаракөз Сүлейменова бастап келген өнер сапарына 80-нен астам әртіс қатысуда.
«Алатау» Орталық Азиядағы жалғыз дәстүрлі өнер театры ретінде қазақ классиктерінің шығармаларын сахналап, саф өнерді жоғары белеске көтеріп келеді. Қазақ жерінде қа¬лыптасқан әншілік, күйшілік, жыршылық мектептерді әрі қарай дамытып, насихаттаумен де жүйелі түрде айналысады. Театр ұжымы ауқымды шараларымен, жаңа премьераларымен халықаралық шараларға қатысып, еліміздегі және халықаралық мәдени байланыстарға, ұлт¬тық өнер саласына елеулі үлес қосты.
Театр туындылары Қызылорда қаласында, Шиелі және Жаңақорған аудандарында қойылады деп жоспарлануда.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі