Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Актив жиыны өтті

Актив жиыны өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен актив жиыны өтті. Жиын барысында аудан басшысы А. Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келген Ғабдолла Алданазаровты құрметті зейнет жасына шығуымен құттықтап, ауданның ең жоғарғы марапаты «Құрмет грамотасын» табыстады. Берік Әбдіғаппарұлы абыройлы қызмет атқарған Ғабдолла Рүстембекұлына ауданның әлеуметтік- экономикалық дамуына, көркеюіне сүбелі үлес қосқаны үшін алғысын білдіріп, сый-құрмет көрсетті.

Актив жиынында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов және Іңкәрдария ауылының әкімі Сәулет Есдәулетов жылы лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар, жиында 27 сәуір күні өткен Н. Ілиясов және А. Тоқмағанбетов ауылдары әкімнің сайлауы нәтижелері хабарланды. Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ермек Шайлан дауыс беру нәтижесі бойынша сайлаушылардың басым дауысына ие болған Сағдат Нұрмағанбетов Н. Ілиясов ауылдық округінің әкімі, ал Нұрлан Құрманалиев А. Тоқмағанбетов ауылдық округінің әкімі болып сайланғанын атап өтіп, ауыл әкімдеріне куәлік табыстады.

Аудан басшысы жаңадан сайланған ауыл әкімдерінің еңбек жолына тоқталып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

30 сәуір 2025 ж. 161 0