Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заң және тәртіп – қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі

Заң және тәртіп – қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етудің негізі

Қазіргі қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы тұрақтылықтың әділеттіліктің және қоғамдағы әрбір азаматтың құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ететін маңызды фактор.

Заң және тәртіпті сақтау – тек құқық қорғау органдарының міндеті ғана емес, бұл әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі болып табылады.

Біріншіден, заң мен тәртіп қоғамның негізі болып табылады.Заң бұл мемлекет қабылдаған және оғам мүшелеріне міндетті болатын ережелер мен нормалар жиындығы.Ол әрбір азаматтың құқығын қорғауға, әділеттікті қамтамасыз етуге және қоғамда бейбітшілік орнатуға бағытталған. Тәртіптің сақталуы адамдар арасындағы сенімді арттырады, ал бұл өз кезегінде әлеуметтік тұрақтылықты артуына мүмкіндік береді.

Екіншіден, заң мен тәртіпті сақтау мемлекеттің дамуы үшін өте маңызды.
Әрбір адам заңды сақтау арқылы өзінің құқықтарын қорғауға және қоғамдағы басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Бұл мемлекет пен қоғамның үйлесімді жұмыс істеуіне, экономика мен әлеуметтік саланың дамуына ықпал етеді.
Үшіншіден,  заңның сақталуы қылмыстардың алдын алады және қылмыстық әрекеттерді тоқтатады. Заңсыздықпен тәртіпсіздік қоғамды дағдарысқа ұшыратуы мүмкін. Қоғамның әрбір мүшесі өз міндеттерін орындай отырып, қылмыстардың алдын алады және қоғамда өз үлесін қосады.

Прокуратура органдарының міндеті де – осы қылмыстардың алдын алу, заң бұзушылықтарды анықтап, әділеттікті қалпына келтіру.

Қорытындылай келе, заң мен тәртіпті сақтау тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық қоғам мүшелерінің жауапкершілігі. Заңсыздыққа жол бермей, тәртіпті сақтау арқылы біз тұрақты, әділетті әрі дамыған қоғам құра аламыз. Әрбір азаматтың заңды сақтау арқылы өз қоғамның, мемлекеттің болашағына қосқан үлесі орасан зор.

Cырдария аудандық прокуратурасы
23 сәуір 2025 ж. 54 0