Жемқорлықпен күрес – заман талабы
Сыбайлас жемқорлықпен күресу – баршаның және әр азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігі тек қана мемлекетке емес, әрбір жеке азаматқа жүктелетінін есте сақтауымыз қажет. Мемлекет пен қоғамның бірлігі және өзара сенімділігі ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға мүмкіндік береді. Өз елінің болашағына алаңдайтын, қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінетін, Қазақстан Республикасының әр азаматы бұл мәселенің қаншалықты өзекті екенін сезінуі керек.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады. «Жетікөл ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі де жемқорлықтың алдын алу бағытында ауқымды жұмыстар атқара береді.
Г.Қарғабаева,
Жетікөл ауылдық округі әкімі аппаратының
жетекші маманы
Фото:Н.НҰРЖАУБАЙ