Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№73 газет

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 газет

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 газет

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Сырдариялықтар қан тапсырып, донор атанды

Сырдариялықтар қан тапсырып, донор атанды

Кеше Сырдария аудандық емханасында ауқымды іс-шара жүзеге асты. Яғни облыстық қан орталығының мамандары ауданға арнайы іс-сапармен келді.

Өз кезегінде аудан тұрғындары донор болып, қан тапсырды. Күні бойы ұйымдастырылған іс-шарға 120 адам қатысты. Оның ішінде, 100 адамның қаны жарымды деп табылса, өзгесіне денсаулығына байланысты кеңес берілді. Облыстық қан орталығынан келген ақ халатты абзал жандар қатарында дәрігер О.Жұбатқанов, маман А.Абубакирова, мейіргерлер Р.Елеусізова, Ж.Тұрлыбаева, А.Сағдылдаева, А.Саруарова, Ә.Тоқсейіт, Н.Теміршіқызы, М.Сарманбекқызы, кіші буын қызметкері Ф.Абуова, бағдарламашы Р.Мұханов бар.

Айта кетейік, қан қорын жасақтау мақсатында өткен іс-шараның маңыздылығы жоғары. Науқастардың өмірін құтқаруға себепкер атанған жандар арасында соңғы 20 жылда тұрақты түрде қан тапсырып келе жатқан адамдар жеткілікті.

Өз кезегінде ауқымды іс-шараға аудандық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі, қорғаныс бөлімі, білім саласы ішкі істер саласының мамандары қолдау көрсетті.

17 сәуір 2025 ж. 349 0