Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сырдария ауданы – «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша Озат аудан» атанды

Сырдария ауданы – «Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша Озат аудан» атанды

2024 жылы ауданда 34,3 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Оның ішінде, негізгі дақыл – күріш 21,9 мың гектар жерге егіліп, әр гектарынан 60 центнерден өнім алынды. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте мәлімдеді.

- 2024 жылы аудан бойынша барлығы 131 мың тонна астық қамбаға құйылды. Суды үнемдеу мақсатында ауданда
13 шаруашылық құрылымы 31 дана заманауи лазерлік жер тегістегіш техникасымен 3340 гектар жерге тегістеу жұмыстарын жүргізді. Шаруашылықтар жаңбырлатып суару әдісімен 100 гектар жерге әртүрлі дақылдар орналастырып, нәтижелі өнім алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, - деді аудан басшысы.

30 қаңтар 2025 ж. 163 0