Президент кеңесшісі М.Отарбаев дін саласының өкілдерімен кездесті

Биыл Сырдың бас шаһары Қызылорда қаласының ел Астанасы болғанына және «Қазақ» атауының қайтарылғанына 100 жыл толды. Осы ретте Құрылтайдың келесі отырысын Сыр бойында өткізудің саяси-экономикалық маңызы өте зор.
Бұл тарихи шешімді дін саласының өкілдері де қуана қарсы алды. Қойнауы құндылыққа толы Сыр елін алты алаштың рухани ордасы болған десек қателеспейміз. Себебі мұнда ХVІІ-ХХ ғасырларда ахундар мен ишандардың ағартушылық қызметі 100-ге тарта мешіт пен медреселер болған. Солардың бірсыпырасы бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін қызмет етіп, халқымыздың дүниетанымына сай Исламды дәріптеуде.
Басқосу барысында «Ақмешіт-Сырдария» мешіті бас имамының уақытша міндетін атқарушы Ж. Абенов пен «Нұр» мешітінің бас имамы Б. Сүлейменов дін саласында атқарылған жұмыстарды баяндап, өз ойларымен бөлісті.
Айта кету керек, аймақта дін бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Облыс әкімдігі тарапынан дін өкілдерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, мемлекеттің дін саласындағы саясатын мешіт жамағатына жеткізу, экстремизм мен терроризмнің алдын алу және т.б. бағыттарда жұмыстар атқарылуда.
@Өңірлік Коммуникация Қызметі
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден