ҚР Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесті
Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары аясында Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында Мәлік Нұржанұлы Н.Ілиясов ауылының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында іске асырылған жобалармен және «Абзал және К» ЖШС-нің, «Мағжан және К» ЖШС-нің атқарған жұмыстарымен танысты.
Н.Ілиясов ауылы – ауыл шаруашылығы саласындағы маңызы бар іргелі ауыл. Ауыл күннен-күнге жарқырып, жаңара түсуде. Республикадағы үздік ауыл атанған ауылдың тыныс-тіршілігін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Жұмабекұлы айтып, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевқа ерекше қолдауы үшін алғысын жеткізуді сұрады.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев ауылдағы оң өзгерістердің алдағы уақытта да жалғасатынын және де мемлекеттік бағдарламалар мен Президент Қ.Тоқаевтың жаңа реформалары бойынша тұрғындарға түсіндірме берді.