Ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтті
12 сәуір аудан орталығында А.Иманов көшесінің бойында орналасқан «Арзан базар» аумағында «Байқоңыр» ӘКК АҚ ұйымдастыруымен өңірлік тұрақтандыру қорының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өтті.Жәрмеңкеге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері, оның ішінде: картоп, сәбіз, пияз, ұн, тұз, күнбағыс майы, қарақұмық жармасы, рожки ұсынылып, нарық бағасынан төмен бағада сатылды.










