Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Абырой биігіндегі азамат

Абырой биігіндегі азамат

Апта ағымында «Руханият орталығында» Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, «Құрмет» орденінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, «Мағжан және К» ЖШС директоры Дархан Ералиевке зейнеткерлік куәлігі табысталып, ерекше құрмет көрсетілді. Салтанатты іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, сондай-ақ Мұса Келдібаев бастаған ардагерлер қатысты.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып, аграрлық саланы дамытуға зор үлес қосқан Дархан Жұмашұлына зейнеткерлік куәлікті АХАТ бөлімінің басшысы Салтанат Жанұзаққызы табыстады. Құрмет төрінен көрінген ардақты азаматты облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов мерейтойымен құттықтады.

– Жылдар бойы егін егудің машақатын сезініп, егістік басынан табыла білген Дархан ағамызға бүгін зейнеткерлік куәлік берілді. Ағалық ақылын айтып, жол көрсете білетін қадірлі жанның мәртебесі қашанда биік. Тынымсыз еңбегімен танылған ел ағасының білімі мен біліктілігі көпке үлгі-өнеге. Ауыл шаруашылығы саласында еткен еңбегі орасан зор екенін айта кетейін, – деді Жұмабек Әшімұлы.

Негізінен «AMANAT» партиясы депутаттық фрак­­циясының мүшесі ретінде де Дархан Ералиев ауқымды мәселелерді көтеріп жүр. Іс-шарада өнерпаздар әннен шашу шашты. Қонақтар кеш иесіне жылы лебіздерін білдіріп, зор ілтипат көрсетті. Өз кезегінде Дархан Жұмашұлы жиналған қауымға өз алғысын жеткізді.

– Жас күнімнен еңбекке ерте араласып, ауыл шаруашылығы саласын тереңнен меңгеруге тырыс­тым. Әркез шаруашылықтың жұмысын ілгерілету үшін барымды салдым. Ел қамбасы астыққа толса, біз үшін мәртебе. Сыр салысын өсіруде ұжыммен бірлесіп жұмыс жасай береміз. Тоқтаусыз еңбектің арқасында мәртебелі, мерейлі жасқа келіп отырмыз. Құрмет көрсеткен баршаңызға алғыс айтамын, – деді абырой биігіндегі азамат.

Б.ОРДАБЕКОВ
12 сәуір 2025 ж. 121 0