Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Энергетикалық инфрақұрылымды дамыту мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысынан туындайтын міндеттің бірі – инвестиция тарту бағытындағы жұмысты күшейту.

Осы мақсатта облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай және облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешев Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Сергей Летягинмен кездесу өткізді.

Қазіргі таңда облыс әкімдігі Париж келісімі аясында парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді орындауда жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Өңірде жалпы қуаты 89 МВт болатын 9 күн-электр станциясы жұмыс жасайды, оның үшеуі шетелдік инвесторлардың қатысуымен іске қосылған.

Қосымша жалпы қуаттылығы 201,5 МВт болатын 6 жоба жүзеге асырылуда.

Бұл орайда аймақ экономикасына 62 млрд.теңге инвестиция тартылып, 54 жаңа жұмыс орны құрылады.

Байқоңыр қаласының аумағында екі қосалқы станция бар. С.Летягинмен кездесуде Байқоңыр кешеніндегі электр инфрақұрылымының әлеуеті, жаңартылатын энергетиканы дамыту және пайдалану мәселелері талқыланды.

Бұл энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, жаңа электр станцияларын салуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

09 сәуір 2025 ж. 154 0