Есеп беру жиыны: Сала мамандарына қолдау жалғасады

Кездесу барысында филиал төрағасы Сәулебек Ысқақов бір жыл көлемінде жасалған ауқымды жұмыстардың бірқатар маңыздысына тоқталды.
– Құрметті әріптестер бүгін сіздермен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі жиында жолығып отырмыз. SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы филиалында 50-ден аса емдеу мекемесінен, 19 мыңнан аса сала маманы бар. Ауданда білікті маман Серік Маханбетов медицина мамандары кәсіподақ ұйымына басшылық етеді. Әрбір мерекеде, атаулы күнде сіздерге қолдау көрсетуге дайынмыз. Алдағы уақытта ауқымды жобаларды қолға алып, ұжымның игілігі үшін тынымсыз еңбек ете береміз, – деді Сәулебек Есқожаұлы.
Келелі кездесуде сала мамандары филиал төрағасы мен заңгеріне көкейдегі сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алды. Өз кезегінде Сәулебек Есқожаұлы кіші буын қызметкері Айгүл Басқараева мен медбике Жанар Құрақбаеваға өз атынан арнайы марапат ұсынды.