Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдарияда мәслихат депутатының сайлауы басталды

Сырдарияда мәслихат депутатының сайлауы басталды

Бүгін бірқатар өңірлерде шығып қалған мәслихаттардың депутаттарының орнына сайлау өтеді. Қызылорда облысы бойынша науқан Сырдария ауданында ұйымдастырылуда.

Таңғы сағат 7:00-де №4 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша 2 сайлау учаскесінде дауыс беру басталып кетті.

Учаскеге таңмен таласа алғаш келген азаматтарға арнайы сыйлықтар берілуде.

Дауыс беру процесіне аккредиттелген байқаушылар мен кандидаттардың сенім білдірген адамдары қатыса алады.

Учаскелерде дауыс беру кешкі сағат 20.00-ге дейін жалғасады.
30 наурыз 2025 ж. 240 0