Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Сайланған облыстық мәслихат депутатына куәлік пен төсбелгі табысталды

Сайланған облыстық мәслихат депутатына куәлік пен төсбелгі табысталды

Бүгін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әділбек Ерсұлтанов №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалған депутатының орнына сайланған облыстық мәслихат депутаты Мұсаева Гүлшат Исақызына салтанатты түрде депутаттық куәлік пен төсбелгіні табыс етті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 

– №15 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша барлығы 15 учаскеде 18397 сайлаушы дауыс беруге қатысты. Бюллетеньге енген 3 кандидатқа берілген дауыс нәтижелері бойынша сайлаушылардың 67,2%, яғни 12367 дауысын жинаған Гүлшат Исақызы Мусаева облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы Г.Мусаеваны депутат ретінде тіркеді. Бүгін міне, салтанатты түрде куәлік пен төсбелгіні табыстаудамыз. Ел игілігіне, аймақ дамуына қызмет етіп, депутаттық аманатқа адал болып, жемісті жұмыс жасайтыныңызға сенім білдіреміз, – деді Ә.Ерсұлтанов.

Іс-шараға қатысқан Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы Наурызбай Байқадамов билік пен халық арасына дәнекер болар депутаттық қызметтің жауапкершілігі жоғары екенін тілге тиек етіп, аймақ үшін өзекті мәселелердің байыпты шешілуіне үлес қосуға шақырды.
03 сәуір 2024 ж. 263 0