Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Көктемнің көркі – наурызек

Көктемнің көркі – наурызек

Жаз өмірін, мәз өмірін қысқартып,
Бара жатыр, бара жатыр
құс қайтып,
деген өлең жолдарын қазақтың көрнекті ақыны Тұманбай Молдағалиев жырлаған болатын.

Міне, көктемнің алғашқы айы бітуге жақын. Күн жылынып, ызғарлы түндер артта қалды. Шуақты мез­гілде жылы жақа ұшқан құстар туған жер топырағына орала бастайды. Нау­рыз айында туған топыраққа келіп, мекен ететін наурызек құсы адамдар арасында «бақыт құсы» ретінде саналады.

Әрине, ғаламтор желісінде жыл құсы хақында кеңінен ақпарат берілмеген. Дегенмен, әлемде құстың 60 түрі бар екенін жақсы білеміз. Шындығында, наурызек құсын көрген адам оның бойындағы қасиетін жіті бағалауы тиіс. Жылы жақтан ұшып келген құстың таби­ғатында адамға жақсылық әкеліп, береке мен бақты дарытуға ниетті. Көбіне ұясын шөп арасына салатын құстың кереметтілігі соншалық көпшілікке жайлы көңіл-күй сыйлайды.

Наурызек құсының түсі көк, құйрығы ұзын болады. Кейбір жерде бауыры сарғыш, қанаты мен денесі көк, екі жақ беті ақ болып келетін жыл құсы кездеседі. Наурызек келгенде күн қабағы қайтып, жұрт енді салқын ауа-райы сақталмайды деп жорамал жасайтын болған. Егерде күн суытатын табиғаттан белгі келсе, наурызек те кешігетін болған. Көбіне құсты торғаймен шатастыратын жандар көп. Мұндайда наурызек құсын көрген бойда бір уыс тары шашуды ұмытпау керек.

«Тт» ақпарат
Фото: Ашық дереккөзден
29 наурыз 2025 ж. 122 0