Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықты жоюдың басты қағидаты

Жемқорлықты жоюдың басты қағидаты

Өркениетті қоғам үшін сыбайлас жем­қорлықпен күрес – ең өзекті мәселе.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында: «Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды, – делінген. Жалпы, қазына­шылық органдарында 2025-2027 жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру бойынша жұмыстардың қарсаңында, Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің төрағасымен бекітілген Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдеріс­теріндегі сыбайлас жемқорлық тәуе­кел­дерін жоюға бағытталған тетіктерді әзірлеу бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралары жоспары бекітіліп, тиісінше жұмыстар жүргізілуде.

Бюджет қаражатын жоспарлау және игеру үдерістеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағыт­талған тетіктердің бірі – қазына­шылықтың ақпараттық жүйе­лерінде жүйе пайдаланушыларының дербес компью­терлеріне биометриялық сәйкес­тендіру технологиясын енгізу екені даусыз. Биометриялық сәй­кестендіру технология­сы – адамдардың бет-әлпеті бойынша био­мет­риялық мәліметтерді оқи алатын камера арқылы рұқсат берілуі қамтамасыз етіледі. Биометриялық сәйкестендіру – жеке деректерді қорғаудың ең сенімді тәсілі болып табылады. Биометриялық сәйкестендіру кезінде адамның бет әлпеті, қол саусағының ізі, көзі немесе дауысы логинмен құпия сөз ретінде қолданылады. Биометриялық сәйкестендірудің басты мақсаты – жемқорлық сипатындағы бұзушылық фактілерін болдырмау.

Сыбайлас жемқорлық сипатындағы бұзу­шы­лықтың орын алуы электронды цифрлық қолтаңбаны қолдану (ЭЦҚ) тәртібі талаптарының, ақпа­раттық қауіпсіздік талаптарының тиісінше сақталмауы салдарынан жол беріліп келеді. Сандық электрондық қолтаңбаны алу мен оны қолдану Ұлттық куәландырушы орталықтың көмегімен биометриялық мәліметтерді қолдану арқылы жасалады. Ол әдеттегідей файлдық жүйе болмайды, электрондық цифрлық қолтаңба қашықтық серверде сақталады. Сала мамандарының айтуынша био­метриялық мәліметтердің негізінде жұмыс жасайтын заманауи жүйе egov мобильді қосымшасында тіркеліп, іске қосылады.

Сырдария аудандық қазынашылық бас­қармасында қызмет көрсетілетін барлық мемлекеттік меке­мелер, квази­­­­­мем­­лекеттік сектор субъектісі, мемлекеттік сатып алу субъектілеріне жүйе пайдаланушыларының компью­терлерін ағымдағы жылдың бірінші жарты­­жылдығында биометриялық сәйкес­­тендіру құралдарымен (веб камералармен) жарақтандырылуын қамтамасыз етуі сұралды. Тапсырманың орын­далуы бүгінгі күнге 79,6% (47 мемлекеттік мекеме) құрайды.

Қазынашылықтың ақпараттық жү­йесін қолданушылардың компью­терлерін веб камералармен қамтамасыз етілмеген мемлекеттік мекемелер, квазимемлекеттік сектор субъек­тісі, мемлекеттік сатып алу субъектілері тапсыр­маның маңыздылығын ескеру­лері сұралады.
Мемлекеттік бюджеттің атқары­луында сыбайлас жемқорлық сипа­тындағы бұзушылыққа жол бермей, бюджеттің тиісінше өз мақсатында игерілуіне сапалы қызмет атқару – бізбен сіздің қоғам, халық алдындағы міндетіміз.

З.РАХЫМШАЕВА,
Сырдария аудандық қазынашылық
басқармасының басшысы
Фото: Н.Нұржаубай
15 наурыз 2025 ж. 66 0