Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Мемлекет басшысы «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешовті қабылдады

Қасым-Жомарт Токаевқа ұлттық компанияның биылғы 9 айда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Аkorda.kz.

Президентке ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және транзиттік әлеуетті дамыту бойынша бұған дейін берілген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды.

Санжар Жаркешов «Алматы – Байсерке – Талғар» газ құбырының екінші желісін салу, сондай-ақ Алматыдағы екінші және үшінші жылу электр орталықтарының газға арналған инфрақұрылымын жасақтау жұмыстары аяқталғанын айтты. Бұдан бөлек, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры салына бастады. Өзбекстанға газ тасымалдау көлемін ұлғайту үшін «Орта Азия – Орталық» жүйесін жаңғырту бойынша дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Мемлекет басшысына ресурстық базаны кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берілді. «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасы ел экономикасындағы тауарлы газды тұтыну көлемінің еселеп артуын ескере отырып, аталған саланың геологиялық барлау жобаларын жүзеге асыруға шетелден инвестиция тартылғанын айтты. Chevron компаниясымен Ақтөбе облысында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойылған. Жоба толығымен инвестордың өз қаржысы есебінен жүргізіледі.
 
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Энергетика, Ұлттық экономика министрліктерімен бірлесе жүргізіліп жатқан бастамалар туралы баяндалды. Бұл шаралар Мемлекет басшысы Жолдауында айтқан газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға, көгілдір отынның лайықты тарифі мен көтерме бағасын белгілеуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып жатыр.

Кездесу соңында Президент жылыту маусымында халықты және экономиканы газбен тұрақты қамтамасыз ету, саланы реформалауды жалғастыру, газ тасымалдау жүйесінің қуаттылығын арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
14 қазан 2024 ж. 127 0