Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды - Президент

Басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды - Президент

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет салық реформасына қатысты жаңа тәсілдерді ұсынғанын, сондай-ақ онда негізгі экономикалық және әлеуметтік факторлар ескерілгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Кәсіби мамандар да, жалпы жұртшылық та қосымша құн салығының мөлшерлемесін көтеру қажеттігіне түсіністікпен қарайды. Дегенмен ұсынылған шараларға, соның ішінде, қосымша құн салығына қатысты сын-пікірлер де естіліп қалады. Бірақ мұндай пайым шынайы ахуалға негізделмеген», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы түрлі себепке байланысты өзіне ауқымды әлеуметтік міндеттеме алмайтын елдер аз еместігін, сондай-ақ Қазақстанның бюджет қаржысының жартысынан көбі әлеуметтік саланың еншісінде екенін тілге тиек етті.

«Біздің еліміз – әлеуметтік мемлекет. Сондықтан білім беру, денсаулық сақтау салаларына инвестиция салуды жалғастырамыз. Бұл – біздің конституциялық міндетіміз. Бірақ шын мұқтаж азаматтарға ғана көмек көрсетілуі керек. Қызметін асыра пайдалануға, алаяқтыққа жол берілмейді. Сондықтан басымдық берілмеген жобаларға бөлінетін қаржы азаяды. Бұл қажет шара екені айдан анық. Үкімет осы жылдың соңына дейін оны қалай оңтайландыру керектігін біржола анықтап алуға тиіс», деді Президент.

Фото: Ақорда

14 наурыз 2025 ж. 47 0