Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды

Мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстары пысықталды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жоспардағы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру барысы пысықталды. Оған қала, аудан әкімдері мен жауапты сала басшылары қатысты.

Аймақ басшысы алдағы міндеттерді айқындап, нақты тапсырмалар жүктеді.

«Мерекеге орай облыс орталығы мен аудандарда ашылатын нысандардың дайындығын қадағалаңыздар. «Наурызнама» онкүндігінің барлық іс-шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы керек. Әр күннің идеологиялық маңызын, жас ұрпаққа берер тағылымын, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлауын басты назарда ұстау қажет.

Сонымен қатар, коммуналдық мекемелердің үздіксіз жұмысын, сапалы қызмет көрсетуін қатаң бақылауға алыңыздар. Бұл бағытта ешқандай мәселе туындамауы тиіс», – деді Н.Нәлібаев.

Басқосуда «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасымен тазалық, абаттандыру және көгалдандыру аясында атқарылатын жұмыстар да нақтыланды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

14 наурыз 2025 ж. 38 0