Аудан әкімі құрметті аналарды мерекемен құттықтады

Аудан басшысы аналарымыздың адал еңбегі мен ел игілігі жолындағы жасампаз істерін айрықша атап өтіп, олардың өнегелі өмір жолы – жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.
Ардагер аналар аудан әкімінің ыстық ықыласына ризашылықтарын білдіріп, елге амандық пен тыныштық тілеп, ақ баталарын берді. Еңбек ардагерлеріне аудан әкімінің «Алғыс хаты», гүл шоқтары мен мерекелік сыйлықтар табысталды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі