Әсем ән әуелеген кеш өтті

Концерт репертуарына республикаға танымал композиторлар мен жергілікті сазгерлердің әсем әндерін жиған сыршыл әншінің өнер жолында халыққа ұсынған үшінші шығармашылық кеші. Ерекше форматта өрбіген бағдарламада филармония әртістері әншінің бай шығармашылығынан әндер орындап, халықтың құрмет-қошеметіне бөленді.
Кеште "Қорқыт сазы" қобызшылар ансамблі, Жетекшісі А.Бегімсалова, "Ақмешіт" фольклорлық ансамблі Жетекшісі Н.Нұрбай, "Томирис" және "Ai-Aru" би ансамбльдері, ҚР Мәдениет қайраткері, "Тұран" сыйлығының иегері Ү.Медеуова, "Тұран" триосы, "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісінің иегерлері
Э.Қалхожаева, С.Тасбергенова, М.Аманжолов, А.Махамбетжанова, А.Әбді, А.Қойшығара, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Е.Садықов, А.Төреғали және Д.Қыдырбай, "Самғау" жастар сыйлығының иегері Ә.Шөжен өнер көрсетіп, ұлттық өнерді ұлықтаған талғампаз көрерменді әсем әндерімен сусындатты.