«Руханият» жылы аясында мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетілді

- Аудан орталығында неке қию залы, кітапхана, музей, мұрағат, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар құны 1,5 млрд. теңгені құрайтын «Руханият» орталығы бой көтерді.
Өткен жылы орталықтарда 35 жаңа үйірмелер ашылып, онда 504 жастар мен жасөспірімдер шығармашылықпен қамтылды. Ауданның мәдениет мекемелері былтыр 1436 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары 1272 байқауда 238 жүлделі орындарды жеңіп алды.
Құны 185,4 млн. теңгеге Бесарық ауылдық мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтті және Аманкелді, Жетікөл, Н.Ілиясов, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма, Қалжан ахун елді мекендеріне «ЛЭД» экран, музыкалық аппаратуралар мен аспаптар, басқа да құрал- жабдықтар алынды, - деді аудан басшысы.