Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 1400-ге жуық бала қызылша жұқтырған

Қызылордада 1400-ге жуық бала қызылша жұқтырған

Қызылорда облысында қызылша ауруына шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмағандар арасынан анықталды, деп Кaz.inform.kz.

Өткен жылы облыста лабораториялық зерттеу нәтижесімен қызылша ауруының 1557 жағдайы нақтыланды. Олардың 1364-і — 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталды. Оның ішінде 365-і — бір жасқа толмаған сәбилер. Ересек тұрғындар арасынан 193 науқас анықталды.

— Облыстағы қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуалды тұрақты деп бағалауға болады. Аурушаңдық көрсеткіші айтарлықтай төмендеді. Оған шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанушылықтың 72%-ын құрады. Негізгі себептері ретінде медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, егілетін жасқа жетпеген, вакцинациядан бас тарту, жоспарлы вакцина алуға тиісті мерзімде негізсіз себептермен келмеу секілді жағдайларды айта аламыз. Ал 180 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталды. Оған қоса кейбір науқастар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын алмаған. Салдарынан ауруды жұқтырып алу дерегі тіркелген. Қызылшаға қарсы жаппай қосымша егу жұмыстарының тиімділігі зор, — деді Қызылорда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Әбдіқайымова.

Фото: Нұрболат Нұржаубай
13 қаңтар 2025 ж. 40 0