Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада қызылша ауруына шалдыққандар көбейе бастады

Қызылордада қызылша ауруына шалдыққандар көбейе бастады

- Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін 31 адам қызылша ауруына шадықты деген күдік туып, оның 11-і нақтыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауруға шалдыққандардың басым бөлігі (77,4 пайызын) - бір жасқа дейінгі және бір жастан асқан балалар. Яғни 24 бөбек осы дертпен науқастанған.

Сондай-ақ,  2 жастағы екі бала және 6, 10, 25, 33 жастағы адамдар науқастанған. «Аурудың алдын алуға иммундау шаралары өз септігін тигізеді. Адам өмірінде 2 рет екпе ала алады. 1 және 6 жаста. Екпе алған адам ауырмауы тиіс. Осы уақытқа дейін біздің аймақта 87 адам егу жұмыстарынан бас тартқан. Соларға түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деді Қызылорда облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ұлбосын Аханаева.

Айта кету керек, қызылша ауруына шалдыққан науқастардың 84 пайызы осы ауруға қарсы егілмегендер болып табылады.

Сондай-ақ, Қызылорда облысында анықталған қызылша ауруының алғашқы 4 жағдайында науқастар өз ауруын Астана, Алматы және Атырау қалаларында науқаспен қарым-қатынаста болуымен байланыстырған. Қалған жағдайлар ауа арқылы, қарым қатынас арқылы таралған.  

08 ақпан 2019 ж. 981 2

Гость JeaOrer от 22 ақпан 2019 10:49
Betnovate Ointment п»їcialis Amoxicillin Buy Rx

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 21:52
Levitra Preiswert Motilium No Prescription cialis prix canada Study Gonorrhea Amoxicillin Single Dos Lasix Overnight Buy No Prescription Zithromax Pak