Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№102 газет

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 газет

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған келісімдер жасады

Облыс әкімі шетелдік инвесторлармен жаңа технологияларды енгізуге бағытталған келісімдер жасады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өңірге шетелдік инвестиция мен озық технологиялар тарту мақсатында Италия, Испания және Түркия елдеріне іссапармен барды. Іссапар барысында өнеркәсіп қауымдастығымен, биохимиялық ерітінділер, медициналық реагенттер, санитарлық-техникалық бұйымдар, гидрооқшауланған бетон, ауыл және орман шаруашылығына арналған озық датчиктер өндіретін, тері, жүн өңдейтін өндіріс орындарымен танысып, келіссөздер жүргізді.

Аймақта қазақстандық күріштің 90%-дан астамы өндірілетіні белгілі. Суды көп қажет ететін дақылды баптаудың жаңа технологияларын енгізуде нақты қадам жасады. Мәселен, «Абзал және К» компаниясы италиялық екі ірі кәсіпорынмен, атап айтқанда, «Poluzzi Track System Engineering » және « Omodei Zorini» компанияларымен келісімге қол жеткізді. Сонымен қатар, «Ravaro» компаниясымен астық кептіргіш жеткізу туралы келісім жасалды.

Мұнан бөлек, аймақ басшысы Түркияда «Arbel Group» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арслан мырзамен кездесті. Кездесуде аймақтың күріш өндіру саласындағы мүмкіндіктері мен жаңа жобалар жайы талқыланды.

«Облыста күріш өндірумен айналысатын әрі халықаралық нарықта табысты нәтижеге ие бірқатар ірі компанияларымыз бар. Олардың жетекшілері бірлесе жұмыс істеуге қызығушылық танытуда» - деді Н.Нәлібаев.

Кездесулерде облыс әкімдігі өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін заң аясында барлық қолдау шараларын көрсететіні айтылды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
09 желтоқсан 2024 ж. 114 0