Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Елімізде бала асырап алушы ата-аналардың 52 мектебі табысты жұмыс жасауда

Елімізде бала асырап алушы ата-аналардың 52 мектебі табысты жұмыс жасауда

Бүгінде еліміздің 20 өңірінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 52 асырап алушы ата-аналар мектебі табысты жұмыс атқаруда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге қатысқысы келетін азаматтарды психологиялық даярлауда шешуші рөл атқарады.

Бала асырап алушы ата-аналар мектептеріндегі жаттығуларға қатысу тегін және ол тренинг форматында өткізіледі. Бағдарлама бала тәрбиесінің психологиялық, әлеуметтік аспектілеріндегі тақырыптарды қамтиды.

Оқу ұзақтығы 42-ден 60 академиялық сағатқа дейін, оның соңында қатысушылар сертификат алады. Бұл сертификат олардың бала асырап алуға әлеуетті екенін білдіреді.

Ата-аналарды дайындау — бұл балаларды табысты тәрбиелеудің негізі ғана емес, сонымен қатар олардың болашақтағы әл-ауқаты мен үйлесімді дамуының кепілі. Балалардың тәрбиесі мен эмоционалдық дамуын терең түсінуге бағытталған мектебіміздің арқасында біз үміткерлердің балаларды асырап алуға дайын немесе дайын еместігін анықтай аламыз, - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

Дайындықтан өтуге ниет білдірген үміткерлер жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың біріне еркін нысанда жазбаша өтінішпен жүгіне алады.

Фото: Оқу ағарту министрлігі
28 қазан 2024 ж. 264 0