Елімізде енді табысы аз және мұқтаж азаматтар тұрғын үй сертификатын онлайн ала алады
Елімізде енді табысы аз әрі баспанаға мұқтаж азаматтарға арналған тұрғын үй сертификаттарын онлайн Egov.kz сайты арқылы ала алады, - деп жазады Aikyn.kz.
31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы хабарлағандай, сертификат әлеуметтік осал топтағы, мүгедек балаларды асыраушы не толық емес отбасыларға жеңілдік ретінде қарастырылған.
Бұл азаматтарға тұрғын үй бағдарламасымен баспана алуға арналған жарнаның бір бөлігі мемлекет тарапынан төленеді.
Ал сертификатты онлайн алу үшін өтініш берушілер Egov.kz сайтындағы “Жылжымайтын мүлік” және “тұрғын үй қатынастары” бөліміне өтуі керек.