Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады?

Республика күнінде қазақстандықтар қалай демалады?

Қазақстандықтардың күздің екінші айында қанша күн демалатыны белгілі болды. 2024 жылы қазақстандықтар Республика күнін 25 қазанда атап өтетіндіктен, жалпы 9 күн демалыс болмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Республика күні мерекесі яғни 25 қазан жұмаға сәйкес келіп тұр.

Бес күндік жұмыс аптасында: 25, 26, 27 қазан демалыс күні.

Алты күндік жұмыс аптасымен есептегенде: 25 қазан жұмыс күні демалып, 26 қазан жұмыс күні. 27 қазан қайта демалады. Ел тұрғындары 2024 жылдың қазан айында 9 күн демалады.

Кәсіби мерекелердің тізбесі жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушы 17.11.2023 жылғы №480 бұйрығымен, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді.

1 қазан – Қарттар күні. Радио күні;

5 қазан – Мұғалімдер күні;

6 қазан – Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні;

10 қазан – Қазақстанның Кәсіптік одақтар күні;

16 қазан – Нан күні;

19 қазан – Құтқарушылар күні;

20 қазан (қазан айының үшінші жексенбісі) – Орман шаруашылығы қызметкерлерінің күні;

24 қазан – Кітапханашылар күні;

27 қазан (қазанның соңғы жексенбісі) – Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні;

29 қазан – Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күні;

Фото:Aikyn.kz

13 қазан 2024 ж. 200 0