Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада 470 отбасы қоныс тойын тойлады

Қызылордада 470 отбасы қоныс тойын тойлады

Қала күні қарсаңында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қызылорданың сол жағалауындағы №2 шағын ауданға салынған 470 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйді салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Іс-шараға жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, Халықаралық Қарттар күні қарсаңында аймақ басшысының арнайы шақыртуымен барлық ауданнан келген ардагерлер, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Облыс әкімі жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, аймақтың құрылыс саласындағы жаңалықтарға тоқталды.

«Халықты баспанамен қамту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Мемлекеттік қолдау мен ұлттық жобалар аясында соңғы 2 жылда 4 мыңға жуық пәтер табысталып, 17 мың тұрғынның баспана мәселесі шешілді.

Өңірде жыл басынан бері 900-ден астам отбасы қоныс тойын тойлады. Биыл мемлекеттік бюджеттен бөлінген 34 млрд. 100 млн. теңгеге 2,5 мыңнан астам пәтер беріледі. Осылайша, тұрғын үй құрылысы көлемі 126 пайызға өсті. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінде оң серпін сақталып, облысымыз республика бойынша алдыңғы қатарға тұрақтады. Екі жыл бұрын облыс бюджеті 364 млрд. теңге болса, бүгінде 744 млрд. теңгеден асты. Бұл ауқымды қаражат аймақтағы ең өзекті деген мәселелерді шешуге, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға және ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жұмсалуда.

Тұрғындарды электр энергиясымен үздіксіз қамту бағытында 11 млрд. теңгеге 38 жоба жүзеге асырылуда. Бұл желілердің тозу деңгейін 66 пайыздан 62 пайызға төмендетті.

Қалада инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Осы уақытқа дейін Қызылорданың ең басты коммуналдық проблемасы болып келген көпқабатты тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету оң шешімін тапты. Мемлекет басшысының, Үкіметтің қолдауымен қаламыздағы 625 үйге ыстық су жеткізіледі. Жобаның жалпы құны 26 млрд. 200 млн теңге, бірінші кезеңде, яғни биыл 187 үйге, екінші кезең – алдағы жылы тағы 237 үйге ыстық су қосылады.

Ерекше атап өту қажет, өткен жылдан бері қаламызда 7, 9, 12 қабатты тұрғын үйлер бой көтеруде. Бүгін өздеріңізбен бірге тағы 500-ге жуық отбасының қуанышын еселемекпіз. Қоныстарыңыз құтты болсын!» – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында сол жағалаудың сәулетін арттырған зәулім үйлерді салған құрылыс компанияларының қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Нажмадин Мұсабаев жаңа қоныс иелеріне ақ батасын берді. Бүгін пәтер кілтін алғандар қатарында ұстаздар, медицина, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері және өзге де сала мамандары бар.

Кейінгі жылдары Қызылордадағы құрылыс қарқынды. Әсіресе, әлеуметтік нысандар көптеп салынуда.

Елді мекендерді газдандыру бойынша 20 жоба іске асуда. Жыл соңына дейін өңірді газбен қамту көрсеткіші 78 пайызға жетеді. Орталықтандырылған ауыз сумен қамтуға бағытталған 13 жоба бар, 300 шақырымнан астам автомобиль жолдары жөндеуден өтуде. Осылайша облыс аумағындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайыздан асады.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп, «Білімді қолдау қоры» есебінен физика-математика мектеп-интернаты, «Саутс ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледждің жаңа ғимараты, «Шығармашылық академиясы», емханасы және онкологиялық бөлімшесі бар көпбейінді аурухана, Орталық стадион, жабық бассейні бар көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Осындай игі істердің жалғасы ретінде «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің іргетасы жақын күндері қаланады.

Өткен жылы «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 16 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қалған 11 медициналық нысан жыл соңына дейін табысталады.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
02 қазан 2024 ж. 91 0