Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады

3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады

2024-2025 оқу жылында елімізде 3 млн-нан астам бала қосымша білім берумен қамтылады деп жоспарлануда. Бұл жалпы білім алушылардың 86,3%-ы, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі таңда елімізде 1713 мектептен тыс ұйым әр бағыттар бойынша 380 үйірме түрін ұсынады: ғылыми-техникалық, музыкалық, көркем-эстетикалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік педагогикалық және тағы басқалары.

Республикалық және өңірлік деңгейлерде 15 жобалық кеңсе, дебаттар мен өзін-өзі басқару штабтары, оқушылар мен студенттердің 20 дебаттық лигасы құрылып, балалардың сыни ойлау және көшбасшылық қабілеттерін дамытуда.

Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер мен еріктілер ұйымдарының қызметін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағдарламаның тағы бір маңызды тұсы мамандардың біліктілігін арттыру болып табылады: 3500-ден астам қосымша білім беру педагогі, дебаттық клуб жетекшілері, оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару ұйымдарының педагогтері мен үйлестірушілері оқудан өтті.

Фото: @oqu_agartu
18 қыркүйек 2024 ж. 451 0