Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Есепті мерзімде 3000-нан аса сырдариялық бүлдіршін екпе қабылдаған

Есепті мерзімде 3000-нан аса сырдариялық бүлдіршін екпе қабылдаған

Сырдария аудандық ауруханасының мамандары 2024 жылы 4237 балаға сан түрлі дертке қарсы екпе егуді жоспарға енгізген. Есепті мерзімде 3000-нан аса сырдариялық бүлдіршін екпе қабылдаған. Негізінен, елімізде ең алғаш туған сәттен балаға жас ерекшелігіне байланысты бірнеше екпе салу жүзеге асырылады.

– Бүгінде мемлекет тарапынан балаларға екпе егу жұмыстарына аса мән беріледі. Сырдария аудандық ауруханасының учаскелік дәрігерлері мен медбикелері ата-аналарға осы бағытта түсіндірме жұмысын жүргізіп келеді. Баланың денсаулығына қашанда бей-жай қарамай, өз уақытысында екпе қабылдау – көптеген дерттің алдын алады. Жыл аяғына дейін жоспарға сәйкес, балаларға екпе егу іс-шарасы үздіксіз жүргізіледі. Кез келген уақытта ата-аналардың баласына салдыруға мүмкіндік зор, – деді аудандық емхананың жалпы тәжірибелік бөлімінің меңгерушісі Ақтоты Мейрамбекова.

05 қыркүйек 2024 ж. 532 0