Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Жаңбыр, қар, 2 градус үсік: 5-7 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

Жаңбыр, қар, 2 градус үсік: 5-7 қыркүйекке ауа райы болжамы жарияланды

"Қазгидромет" РМК 5-7 қыркүйекке ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауады, найзағай байқалады: республиканың солтүстігі мен шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады; 7 қыркүйекте түнде елдің шығысындағы және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында антициклон жотасымен, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік және шығыс аймақтарда тұман күтіліп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік байқалады.

Фото: youtube.com
04 қыркүйек 2024 ж. 732 0