Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңдігіміздің тұғыры, елдігіміздің негізі

Теңдігіміздің тұғыры, елдігіміздің негізі

Конституция күні мерекесіне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада аудан әкімі Берік Сәрменбаев жиналғандарды еліміздің ең басты мерекесінің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтады.

– Тәуелсіздік – халқымыз үшін ең қас­терлі де, қасиетті ұғым болса, Ата Заң – мемлекеттің іргетасын бекітумен қа­тар әлеуметтік-экономикалық, қо­­ғам­­дық-саяси дамуының басты бағ­дары. Сондықтан дана халқымыз «Заң бар жерде тәртіп те, тәрбие де, тағылым да бар» деп бекер айтпа­ған. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Ата Заңы­мыз – қастерлі Тәуелсіздігіміздің сенімді тірегі» деді. Сондықтан бас­ты құжат ел бірлігі және адамның ары мен абыройының сақталуын не­гіз­дей­ді. Осы басты ұстанымдар баға жетпес байлығымыз – ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Жал­пы­ұлттық референдум арқылы жа­ңар­тылған Конституциямыз ұлтты бірік­тірудің нағыз символына айналды. Сондай-ақ, негізгі заңымыз елдің саяси жүйесін демократияландыруды, заң үстемдігін қамтамасыз етуді және халықтың әл-ауқатын арт­тыруды көздейтін ауқымды өзгеріс­тердің берік тұғыры саналады. 2024 жылға аудан бюджеті 11 млрд теңгеге бекі­тіліп, бүгінде 16 млрд тең­геден асты. Есепті кезеңде аудан экономи­касына тікелей ықпал ететін өнеркәсіп өндірісі 61,8 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 11,2 пайызға ауыл ша­руа­шылығының жалпы өнімі 2,8 пайызға өсті. Инвестиция, тұрғын үй және құрылыс жұмыстарының көлемі де ұлғайды. Бірлігі жарасқан аудан хал­қының игілігі үшін жасалып жатқан әлеуметтік-экономикалық жұмыстар ал­дағы уақытта да жалғасын табады. Ең бастысы, осындай өміршең істердің бас­тауында біздің Ата Заңымыз және Заңға бағынатын, тәртіпке бас иетін хал­­қымыз тұрғанын атап өтуіміз қа­жет, – деді аудан басшысы.

Мерекелік іс-шарада ауданның әлеу­­­мет­тік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуына үлес қосып жүрген бір­­қа­тар азамат облыс, аудан әкімі­нің Алғыс хатымен марапатталды. Аудан­ның мәдениет саласының майталмандары театрландырылған қойылымды көп­шілік назарына ұсынып, патриот­тық әндер шырқалды.

А.ИБРАГИМҰЛЫ
30 тамыз 2024 ж. 115 0