Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде

Жемқорлықпен күрес жүйелі жүргізілуде

Жемқорлық, сыбайластық, тамыр-таныстық – еліміздің дамуына, адам­дардың жақсы өмір сүруі мен сапалы қызмет алуына кері әсер ететін құбылыс. Бұл – заңда қылмыс, біздің салт-дәстүрімізде күнә болып табылатын жат әдет. Сондықтан әрбір сана­лы адам, мемлекеттік қызметші жем­қорлыққа қарсы болуы қажет.

Сыбайлас жемқорлық елдегі бар жұмысты құрдымға кетіреді. Мысалы, бір адам оқу оқып, дипломын сатып алса, ертең ол маман болғанда өз жұмы­сын дұрыс білмей, қоғамға зия­нын тигізеді. Сіз ауырып, ем алуға дәрі­герге барсаңыз, ал ол дәрігер дип­ломын сатып алған сауатсыз маман бол­са, сізге дұрыс ем-дом жүргізбейді. Нәти­жесінде ауруыңыз асқынып кетуі мүмкін. Керісінше өз білімімен диплом алған жақсы маманға жолықсаңыз, онда жолыңыздың болғаны. Ол үшін білім саласындағы жемқорлықты жою жұмы­сын барынша күшейту керек. Әр маман өз саласының кәсіби шебері, білгірі болуы қажет.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимылды бар­лық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Бұл бағытта Мемлекет бас­шысының нақты тапсырмасы бар. Қай елдің халқы жемқорлыққа қарсы болса, сол елдің болашағы жақсы болмақ. Өйткені таза, адал, әділ адамдар елді дамытады. Ал бармақ басты, көз қыстыға жақын, жеңіл олжа та­уып, тез пайда тапқысы келетіндер елді күй­ре­теді.

Тереңөзек кентінде, кент әкімі аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар тұрақты түрде өткі­зіле­ді. Іс-шараларға кент әкімі аппара­тының қызметкерлері белсене қатысуда. Өмір көрсеткендей, қыз­мет өкілеттілігін теріс пайдалану, билік­ті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қыз­мет­тік жалғандық жасау, жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, жалған жауап беру, лауазымды адамның сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау секілді қылмыстардың барлығы жемқор­лық сыбайластық байланыс­тарды пайдалану арқылы жасалады. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу – тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың мін­­деті ғана емес, әрбір ұлтжанды азамат­тың парызы. Мұндай ауыр дерт­ті тек мемлекет пен құқық қорғау орган­дары қызметкерлерінің күшімен жеңе алмаймыз. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазым­ды адамдар өз құзыретінің шегін­де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Осы ретте  «Қоғам мүшелері жемқорлыққа қарсы» деген ұран біздің қанатты қағидамызға айналғанын айтып өткенім орынды.

Бүгінде барлық мекемелерде се­нім телефондары жұмыс жасайды. Мем­лекет­тік органдардың қызметші­лері халыққа мемлекеттік қызметтерді электронды түрде қол жетімділігі жөнін­де кеңінен насихаттау­да. Бұл да белгілі бір дәрежеде сыбайлас жем­қорлықтың алдын алудың жолы. Тереңөзек кентіндегі мәдениет үйлері мен білім беру ұйымдарында, мекемелерде тақырыптық іс-шаралар, жиналыстар ұйымдастырылуда. Кенттегі негізгі көшелерге жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты насихаттайтын бил­бордтар ілінген. Мұнан бөлек кент жастары да тұрғындарға жадынамалар таратуда.

Жемқорлықпен тапқан табыстың бере­кесі болмайды. Жемқорларды соттап, түрмеге қамау жұмысы қарқынды жүргі­­зілу­де. Айналамызда болып жат­­қан қорқынышты қылмыстардан сабақ алғанымыз дұрыс. Сыбайлас жем­қорлықпен күрес – ортақ міндеті­міз. Қоғам болып күрескенде ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере ала­мыз. Ертеңгі болашағы үшін алаң­дайтын әрбір саналы азамат жем­қор­лықты ауыздықтау ісінде өзінің жеке үлесін қосқаны абзал. Қорыта келе, жем­қор­лыққа қарсы күресті жан-жақты, үздіксіз, ашық және әділетті түрде жүргізілуі тиіс.

Ержан БАХТИЯРОВ,
Тереңөзек кентінің әкімі
Коллажды жасаған Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»
24 тамыз 2024 ж. 125 0