Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 71 газет

07 қыркүйек 2024 ж.

№ 70 газет

03 қыркүйек 2024 ж.

№ 69 газет

30 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеуге болады

Сақтандыру жағдайларын жеңілдетілген тәртіппен реттеуге болады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру оқиғаларын жеңілдетілген тәртіппен реттеу — Еурохаттама рәсімі енгізілген, осыған сәйкес мардымсыз жол көлік оқиғалары болған жағдайда, азаматтар полицияны шақырмайақ, соттың шешімінсіз жеңілдетілген тәртіппен сақтандыру оқиғасын рәсімдей алады.

Еурохаттама-бұл жол көлік оқиғасы фактісін өз бетінше тіркеп, сақтандыру компаниясына жүгініп, өтемақы сомасын жедел алуға мүмкіндік береді, келтірілген шығынның шекті сомасы 100 АЕК-ке дейн, яғни 369200 теңге болса қолданылады.

Жол көлік оқиғасына қатысушылардың мобильдік нөмірлері азаматтардың мобильдік базасында тіркелген болуы тиіс және жол көлік оқиғасында екі қатысушы да «Еурохаттама» қосымшасын жүктеуі және жол көлік оқиғасы бойынша мәліметтерді толыруы қажет.

Сонымен қатар, жол көлік оқиғасына қатысушылардың саны 2-ден, келтірілген залал мөлшері 100 АЕК-тен аспаса, үшінші тұлғалардың денсаулығы мен мүлкіне зияны келмесе, өзара келісімдері болса және екі қатысушының да автокөлікті міндетті сақтандыру полисі болған жағдайда осы тәртіпті қолдануға болады.

Егер аталған шарттардың бірі болмаса немесе жүргізушілер оқиға барысында келісе алмаса, олар полиция қызметкерлерін шақыруға және белгіленген тәртіппен жол көлік оқиғасын рәсімдеуге міндетті.


Меңдігүл Асан
Сырдария аудандық соты
әкімшісінің бас маманы
Фото:ашық дереккөзден
24 шілде 2024 ж. 250 0