Автобус еденін тесіп өткен люк жолаушы қыздың аяғын сындырды
Алматыда қоғамдық көлік жол-көлік оқиғасына ұшырады, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Халиулин көшесінің бойында болған. № 65 бағытында жүретін автобус осы көшенің бойымен батыс бағытта кетіп бара жатқан. Шығыс айналма жолын өтіп, жол шетіндегі люкті басып кеткен. Люк ұшып кетіп, автобустың еденін тесіп өткен.
Осының салдарынан қоғамдық көлікте отырған жолаушы қыздың аяғы сынған. Ол жақын жердегі ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта арнайы қызмет өкілдері осы мәселемен айналысып жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
kaz.tengrinews.kz