Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Су басу қаупінің алдын алу шаралары қаралды

Су басу қаупінің алдын алу шаралары қаралды

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында су тасқынынан туындаған жағдай мен моноқалаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықовтың баяндауынша, министрлік су тасқыны салдарын жою іс-шараларын үйлестіруді жалғастыруда. Оған Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдіктер, Қорғаныс, Ішкі істер, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Еске салсақ, күні кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында қабылданған шаралар мен алдағы іс-әрекеттер пысықталды.
Үкімет отырысынан кейінгі облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен арнайы мәжілісте су тасқынына қарсы дайындық мәселелері талқыланып, құзырлы органдардың жұмыс бағыты айқындалды.

Мұнан бөлек, мәжілісте кенеге қарсы көктемгі залалсыздандыру шаралары, өрт қауіпсіздігі және өзге де өзекті мәселелер қаралып, тиісті тапсырмалар берілді. Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Жаңақорған ауданы әкімдігімен бірлесіп, су қоймаларында кезекшіліктер ұйымдастырып, жағдайды тұрақты бақылауға жауапты. Сондай-ақ, басқарма Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктері, облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, орман қоры жерлері мен дала өрттерінің алдын алу шараларын қабылдауы тиіс. Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасына кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес, сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету тапсырылды. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Конго-Қырым қызбасын емдеуге қажетті дәрі-дәрмектің қорын жасақтап, науқастарды дер кезінде емдеуге дайын болуы керек.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
03 сәуір 2024 ж. 214 0