Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Ресей Президентімен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы ШЫҰ саммитіне қатысуға келгені үшін Владимир Путинге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ Ресейдің «шанхай рухын» нығайту ісіне және Ұйымға мүше елдермен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.

– Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету – өте мәртебелі әрі жауапты миссия. Ертең біздің төрағалығымыз аясында атқарылған жұмыстар туралы баяндаймын. Ұйымның өзінде реформа жүргізіліп жатыр. Әйтсе де бұл оңай шаруа емес. ШЫҰ халықаралық аренада лайықты беделге ие болды. Менің ойымша, бұл – ең табысты халықаралық ұйымдардың бірі. Сонымен қатар бұл – демократиялық сипаттағы ұйым, яғни барлық мемлекеттің теңдік қағидаты сақталады. Әрине, Шанхай ынтымақтастық ұйымының әлеуетін нығайтуға Ресейдің қосқан елеулі үлесін атап өтпеске болмайды. Осы орайда төраға құқығын пайдаланып, Сізге алғыс айтқым келеді, – деді Президент.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы стратегиялық серіктестік пен одақтастыққа негізделген қазақ-ресей қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасы жөнінде айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің Қазақстанға былтыр қараша айында жасаған тарихи сапарынан кейін екіжақты ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

– Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын өз бақылауымда ұстап отырмын. Сіздің сапарыңыз кезінде келісілген жобалардың маңызы зор және елдеріміздің өзара ықпалдастығының стратегиялық сипатымен ұштасады. Сондықтан олардың жүзеге асатынына еш күмәнім жоқ. Өйткені бұл жобалар Қазақстан мен Ресей Федерациясының мүдделеріне сай келеді, – деді Мемлекет басшысы.
04 шілде 2024 ж. 267 1

Kelle от Бүгін, 00:11
You definitely made your point. meilleur casino en ligne Thanks! Quite a lot of content. meilleur casino en ligne You actually said that superbly! casino en ligne Whoa plenty of good information! casino en ligne Effectively voiced really! . casino en ligne France With thanks. Very good stuff! casino en ligne fiable Incredible plenty of useful material! casino en ligne fiable Nicely put, With thanks. casino en ligne France Kudos! Lots of tips! casino en ligne Thanks! I like it! casino en ligne