Әзербайжан Президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді. Мәртебелі қонақты ҚР Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев әуежайдан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бүгінгі таңда Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Осылайша, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, 529,4 млн долларды құрады. Бұл үрдіс биыл да жалғасып, 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға өсіп, 184,9 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ Қазақстан мұнайын Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында жеткізу жолға қойылған. Осы жылдың қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жеткізілген.
Фото: ҚР Үкімет