Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды

Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзірбайжанға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Әзербайжанға келді. Президентті ресми қарсы алу рәсімі Әзербайжан Президентінің "Загульба" резиденциясында өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Баку әуежайында Қазақстан Президентін Әзербайжан Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен Сыртқы істер министрінің орынбасары Халаф Халафов күтіп алды.

“Сапар аясында Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері жоспарланған. Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың көпқырлы мәселелерін қарастырады. Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар келісімге қол қойылады”, – делінген хабарламада.

Құрмет қарауылының бастығы рапорт бергеннен кейін екі ел басшылары әскерилер сапын аралады. Қазақстан мен Әзербайжанның әнұрандары шырқалды. Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Салтанатты шарадан кейін мемлекет басшыларының жеке кездесуі басталды.
24 тамыз 2022 ж. 421 0