Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сот жүйесі – әділдік айнасы

Сот жүйесі – әділдік айнасы

Сот жүйесі – азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғайтын, қоғамда тұрақтылық пен әділеттілікті қамтамасыз етуші бірден бір сала. Бүгінгі қоғамда судьялар мен сот жүйесінің маңыздылығы айрықша. Ал, аталмыш саланың серпінді дамуы тікелей заң саласы қызметкерлерінің тиімді жұмыс жүйесіне байланысты. Осыған сәйкес, елімізде 24 маусым – судьялар мен сот қызметкерлерінің кәсіби мерекесі ретінде аталып өтіледі. Атаулы күнге орай, Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында арнайы баспасөз конференциясы өтіп, сала өкілдері сот жүйесіндегі соңғы жаңалықтарды баяндап өтті.

- Жалпы сот жүйесі – әділдіктің ақ туын биікте ұстайтын жауапты сала. Себебі, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге, Конституцияның маңыздылығын айшықтауға және азаматтардың, мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын негізгі сала. Жалпы, 32 жыл ішінде сот жүйесі реформалау мен жаңғыртудың бірнеше кезеңінен өтті. Бүгінде үздік әлемдік стандарттарға сай заманауи сот жүйесін қалыптастыру қарқынды түрде жалғасуда. Соңғы бес жылда 35 заң әзірленіп, оның 30-ы тұрақты қабылданды. Жаңа заңдар адамдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін, сот жүйесі мен судьялардың тәуелсіздігін нығайтты. Бүгінде халық пен сот арасындағы ашықтық қалыптасып, елдің сотқа деген сенімі артып келеді. Бұл бізді қуантады, -деді Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Бақытбек Есенгелдіұлы.

- Судья – сот саласының негізгі тірегі. Судья және сот саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесінің бекітілуі – сот саласында қызмет етушілер үшін үлкен мәртебе. Өйткені, сот қызметтерінің азаматтарға арнаған сервистерді дамыту, сот төрелігіне азаматтардың қол жетімділігін жеңілдету, цифрландыру және роботтандыру сияқты жаңалықтарымыз қарқынды дамып, қазіргі таңда оңтайлы жұмыс істеуде. Соның арқасында сот жүйесі барынша жетілдіріліп, маңызды құжаттар электронды форматта жүзеге асып келеді. Сот саласында қызмет ету өте жауапты екендігі баршаға мәлім. Үлкен істің басын құрап, бар қажыр-қайратын осы салаға арнайтын сот қызметкерлерінің еңбегі орасан зор. Дегенмен, бүгінде сот саласында қызмет ететіндердің 70 пайызын әйел азаматтары құрайды. Отбасы мен қызметті қатар алып, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген нәзік жандыларды ерекше құрметтеймін. Ендеше азаматтар құқығын қорғауда елеулі үлесі бар барша судьялар мен сот қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын!, - деді Қызылорда қалалық сотының сот әкімшісінің басшысы Нұрила Кәуменқызы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациядар қызметі
21 маусым 2024 ж. 182 0