Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада канадалық ғалым тəжірибесімен бөліседі

Қызылордада канадалық ғалым тəжірибесімен бөліседі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма Төрағасы- Ректор Бейбіткүл Каримова Канаданың Макгилл университетінің Жоғары білім саласындағы саясат кафедрасының доценті Эмма Харден-Вульфсонмен кездесті.

Эмма Харден-Вульфсон сапары барысында жаһандық сын-қатерлер, климаттың өзгеруі, əлеуметтік əділетсіздік, технологиялық инновациялар жəне басқа да өзекті тақырыптарға зерттеу жүргізудің жаңа методологиясымен бөлісетін болады.

Шетелдік ғалымды шақырту ҚР Ғылым жəне жоғары білім министрлігінің оқытушылық қызметке шетелдің жетекші университеттерінен шетелдік сарапшыларды шақырту бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр.

Атап өту керек, Эмма Харден-Вульфсон ЮНЕСКОның Халықаралық жоғары білім институтында зерттеу жəне жоспарлау бөлімін басқарған. Сонымен қатар жасанды интеллект пен сандық трансформация, студенттердің виртуалды академиялық ұтқырлығы, академиялық тəуелсіздік, жоғары білімді дамыту және басқару тақырыбындағы халықаралық жобаларға жетекшілік еткен.
05 маусым 2024 ж. 80 0