Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Ақжайық» саябағында орналасқан монументке гүл шоқтарын қою рәсіміне Парламенттегі фракция жетекшілері мен қала тұрғындары қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алып, тағзым етті.

Аға сержант және пулеметшілер тобының командирі Мәншүк Мәметованың елордадағы ескерткіші 2018 жылы ашылды. Қазақтың даңқты пулеметшісі 19 жасында өз еркімен майданға аттанған. Ол 21-атқыштар дивизиясы мен 100-атқыштар бригадасының құрамында шайқасты. 1943 жылы қазанда Невель түбіндегі шайқаста ерлікпен қаза тауып, Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
09 мамыр 2024 ж. 216 0