Ауыл – ел бесігі: биыл Сыр өңірінде 69 жоба жүзеге асырылады

-Өздеріңіз білетіндей, «Ауыл – Ел бесігі» жобасы – ауылдарды дамытуға басымдық береді. Сәйкесінше, біздің облыста осы жобаның методикасына сәйкес келетін 58 тірек және 45 спутник елді мекен айқындалып, бүгінде онда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жалпы бұл жоба – ауылдарда газ және электр желілерін жүргізуге, ауыз сумен қамтуға, көшелерді жарықтандыруға, жол сапасын жақсартуға бағытталады. Бұдан бөлек, елдімекендердегі тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін денсаулық сақтау нысандары, мәдениет, спорт, білім ұйымдарын салуды көздейді. Бұл бағытта біздің облыста бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Мәселен, 2023 жылы 13 әлеуметтік нысан салынып, 201 инфрақұрылымдық, 1 газбен жабдықтау, 3 ауыз сумен қамту жобалары іске асты. Осылайша, өткен жылы 208 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне табысталды. Ал, биыл 69 жобаны іске асырамыз деп жоспарлап отырмыз. Атап айтқанда, 15 әлеуметтік нысан салуды және 54 инфрақұрылымдық жобаны жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде, облыстағы ауылдық елдімекендердің жағдайы бірнеше есеге жақсарады деген үміт бар, - деді Қамбарбек Амангелдіұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі