Су саласын дамытуға арналған 76 жоба жүзеге асырылмақ

– Бүгінде облыстық коммуналдық меншікке 233 су шаруашылығы нысаны алынған. Осы меншіктегі су шаруашылығы нысандарын тазалау, жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 79,3 шақырымдық 10 каналға, елді мекендердерге насос қондырғыларын жеткізуге және 28 каналдың жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге тиісті қаражат бөлінді. Өздеріңіз білетіндей, өңір үшін өте өзекті мәселенің бірі – су тапшылығын төмендету. Осыған орай, Мемлекет басшысы Сырдарияның жоғары ағысындағы мемлекеттермен келіссөз жүргізіп, тиісті көлемде су бөлінуіне жағдай жасауда. Одан бөлек, су тапшылығы жағдайында елді мекендерді суармалы сумен қамтуға ҚР Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған жобасы жүзеге асырылмақ. Сондай-ақ, су саласын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған кешенді жоспар әзірленіп, облыс әкімдігімен ұсыныс жасалды. Осыған сәйкес 76 жоба республикалық бюжеттен іске асырылмақ, - деді басқарма басшысы Марат Құрманбаев.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі