Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті

Бүгін аудан әкімдігі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның I тоқсандағы отырысы өтіп, 2 мәселе қаралды. Комиссия отырысына аудан әкімінің орынбасары Т.Нұртазаев төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ««Отбасындағы бала тәрбиесі, ата-ананың жауапкершілігі және тәуекел тобындағы балалармен жұмыс» туралы аудандық білім бөлімінің әдіскері Е.Әбілдаев хабарлама жасады.


Аудандағы барлық білім беру ұйымдарында мектеп және ата-ананың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін мектеп пен ата-ананың өзара іс-қимылының жаңа «Оқушы-мектеп-ата-ана» өзара ықпалдастығымен жұмыстар жасалуда.

Ата-аналарға кеңес қызметін әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында «Отбасы – мектеп, «Мектеп өмірінің бір күні» атты жобалары енгізілді. Рухани – адамгершілік тәрбие беру, ұлттық тәрбие құндылықтарын дамыту бағытында «Ата-аналар комитеті», «Әжелер мектебі», «Әкелер кеңесі», «Аналар академиясы» бастамаларымен жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта ағымдағы оқу жылында ата-әжелер, әке-аналардың қатысуымен 200-ден аса шара өткізіліп, оған 4000-ға жуық оқушы қатысқан.

Комиссияның күн тәртібіндегі 2 мәселе «Кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік, суицидтің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар» туралы аудандық аурухана бас дәрігерінің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары А.Құлеке баяндады.

Аудан көлеміндегі жасөспірім қыздарға профилактикалық тексеру және жасөспірім жүктіліктің алдын алу шаралары бойынша Сырдария ауданының білім бөлімі мен Сырдария аудандық ауруханасының Жастар денсаулығы орталығы мамандары, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мейірбикесі, акушер-гинеколог мамандарының ұйымдастыруымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыптары бойынша 17 семинар- тренингтер мен лекциялар өтіп түсіндірме жұмыстары жүргізілген.


2024 жылға арналған «Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу шаралары бойынша» жоспар жасалып, бекітілді. Білім беру мекемелерінде емхана психологы, акушер-гинеколог мамандарымен бірлесіп, 15 семинар сабақ өткізіліп, 971 оқушылардың қатысуымен «Мен таңдаған өмір», «Зиянды әдеттер», «Ерте жүктілік» атты профилактикалық сабақтар жүргізілген. Көңіл-күйді сергітуге арналған тренинг-жаттығулар өткізілген.

Комиссия отырысында тәуекел тобындағы балалармен жұмысты күшейтіп, тәрбиелік бағытта кездесулер өткізу керектігі айтылып, тапсырмалар берілді.
29 наурыз 2024 ж. 125 0